Квазимемлекеттік сектор субъектілері бюджетке аударылуы тиіс қаражаттарды депозиттерде сақтап отыр - Қ. Жаңбыршин

«Талдау барысында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде олқылықтар анықталды. Бұл ретте мемлекеттің қатысуындағы субъектілер қызметінің жүйелі проблемалары әлі де қайталанып келеді. Біздің пікірімізше, бұл олардың таза табысының бір бөлігін бюджетке уақытылы немесе мүлдем аудармауы болып отыр. Квазимемлекетитік сектор субъектілерінде таза табысының бір бөлігін төлеген кездің өзінде бюджетке аударылған қаражаттан да айтарлықтай қомақты қаражат қалады. Олар көбінесе екінші деңгейлі банктердегі депозиттерге орналастырылады», - деді Есеп комитетінің төрағасы.
Оның айтуынша, квазимемлекеттік сектор субъектілері өз қызметтері барысында бюджетитік және басқа да заңнамалық бұзушылықтарға жиі жол беріп келеді. «Дегенмен, залал келтіретін шығыс нормаларының сақталмағандығы үшін квазимемелкеттік субъектілер үшін жауапкершілік қаралмаған», - деді ол.