17:15, 22 Қазан 2012 | GMT +5
Квебекте Парламентаралық Одақтың 127-ші Ассамблеясы ашылды
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Квебекте (Канада) Парламентаралық Одақтың 127-ші Ассамблеясы ашылды. Оған Парламент Сенатының депутаты, Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Болат Жылқышиев Қазақстан парламенттік делегациясының құрамында қатысуда.
Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
«127-ші Ассамблеяның аясында жаһандық әлемдегі азаматтық және жеке адам, тіл және мәдени алуандық тұрғысындағы мәселелер бойынша арнайы пікірсайыстар өтуде. Сондай-ақ жастар үшін жаһандық экономикада мүмкіндік туғызуға, орнықты даму мақсатында өзара тиімді сауда мен инновациялық тетіктерді қаржыландыруға арналған пікірсайыстар жоспарланған», - делінген баспасөз хабарламасында.