Қылмыскер өзге елге қашып кетсе де, жазадан құтылмады

ОРАЛ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО аумағында ауыр қылмыс жасаған РФ Шешен Республикасының азаматы Б.Саракаевқа үкім шығарылды.
None
None

Облыс прокуратурасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, 1979 жылғы Б.Саракаев 2003 жылы қыркүйектің 15-інде «Ай-Луна» кафесінде ұрыс-керіс үстінде К.Мұхамедияровқа пышақ салып, денесіне ауыр жарақат келтіреді. Содан кейін ізін суытады.

РФ құқық қорғау органдарымен бірлесе жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында 2006 жылы Б.Саракаевтың Шешен еліндегі Урус Мартан қаласында тұратыны анықталды. Бұл кезде ол Ресей азаматтығын алып үлгергендіктен, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға берілмейтін еді. Осыған байланысты оны одан әрі қылмыстық қудалау үшін іс 2007 жылы РФ Бас прокуратурасына жіберілді.

Урус Мартан қалалық сотының үкімімен Б.Саракаев 5 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтейтін болды.

Соңғы жаңалықтар