Қылмысты жасырған учаскелік инспектор жұмыстан босатылды
есепке алу және қарау барысында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, қылмыстардың есептен жасырылу деректерін болдырмау мақсатында жүргізген тексеруі барысында ағымдағы жылы есептен жасырылған бір қылмысты анықтады, деп хабарлайды облыстық прокуратура баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, 2010 жылдың 10 наурызында белгісіз екі адам Жалағаш кентінің орталығында орналасқан жеке кәсіпкер П.Жапабаеваның меншігіндегі «Раушан» дүкенінің ішінде сатушылардың байқамай тұрғанын пайдаланып, сөре үстінде тұрған дәптердің арасындағы 10 мың 700 теңгені жасырын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап қашып кеткен.
Аталған дерекке байланысты Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Н.Қостанбаев тергеуге дейінгі тексеру амалдарын жүргізіп, қорытындысында П.Жапабаеваның жеке кәсіпкерлігін меншік құқығындағы ұйым ретінде саралап, қылмыс оқиғасын ұсақ-түйек ұрлық деп санап, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданған.
Жалағаш аудандық прокуратурасы қадағалау тәртібімен учаскелік полиция инспекторының бұл шешімнің заңдылығын тексеріп, жеке кәсіпкер П.Жапабаеваның Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 7-бабына сәйкес дара кәсіпкер екендігін, яғни заңды тұлғаға немесе меншік құқығындағы ұйымға жатпайтындығын анықтады. Осыған орай, аудан прокурорының қаулысы негізінде учаскелік полиция инспекторы Н.Қостанбаевтың қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулысының күші жойылып, есептен жасырылған бұл қылмыс бойынша прокуратура тарапынан белгісіз адамға қарсы қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.
Ал қылмысты есептен жасырған полиция қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершіліктерін шешу жөнінде прокуратура бөлім бастығы атына ұсыныс енгізіп, оның қаралуы нәтижесінде облыстық ішкі істер басқармасы бастығының 6 наурыздағы бұйрығымен Н.Қостанбаев қызметінен босатылды.