Қырғыз елі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесіне өтуі үшін ТүркПА тарапынан қолдау сұрайды

АНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Қырғыз елі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесіне өтуі үшін ТүркПА парламентшілер басшыларының тарапынан қолдау сұрайды.
None
None

Бұл туралы бүгін ТүркПА-ның ІІ жалпы отырысы барысында сөз сөйлеген Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Ахматбек Келдибеков мәлім етті.

Сөз сөйлеу барысында Қырғыз парламентшілер делегациясының басшысы өз елінің жақын және алыс шетелдермен қарым қатынасына тоқтала келе, елдің саяси билігі түбегейлі өзгергенімен, сыртқы саясат бағытындағы ұстанымның сол қалпында екендігін атап өтті. «Жан-жақты ынтымақтастық пен тату көршілік стратегиясы, өңірлік және ғаламдық проблемаларды шешуге қатысу әрекеттері әрі қарай жалғаса түседі. Бүгінгі күні әлемнің ешқандай да мемлекетімен қарама қайшылығымыз да, конфликтіміз де жоқ. Сонымен қатар, мүмкіндікті пайдалана отырып Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан парламентшілерінен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2012-2013 жылдарға арналған тұрақты емес мүшелерін сайлау барысында Қырғыз елінің кандидатурасын қолдауларыңызды сұраймын. Бұл шара ағымдағы жылдың қазанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-ы сессиясында болады», - деді А. Келдибеков. Оның айтуынша, қырғыз елі өзінің белсенді сыртқы саясатымен, Ауғанстандағы жағдайды реттеу, Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаһандық экологиялық проблемаларды шешу секілді бірқатар өңірлік проблемаларға араласа отырып, бұндай беделді халықаралық ұйымның құрамына кіруге құқысы бар. «Қырғыз елі ТүркПА қызметіне бұдан кейін де белсенді атсалыспақ. Соған орай, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші ТүркПА-ның ІІІ жалпы отырысын 2012 жылы Бішкек қаласында өткізу туралы ұсыныс жасайды», - деді Жогорку Кенеш төрағасы.

Соңғы жаңалықтар