Қырғыз-қазақ шекарасында, Қырғызстан мен ЕАЭО мүшелер арасындағы қатынаста әуежайларда кедендік бақылау жойылады
Өзгерістер 12 тамызда Қырғызстанның ЕАЭО туралы шартқа қосылуы туралы шарттың күшіне енуіне байланысты енгізілген. МКК Беларусь пен Қырғызстан арасында алмасатын ЕАЭО тауарлары кедендік декларациялауға жатпайды деп атап өтті. Бұл ретте ведомствода Беларусьтен Қырғызстанға не Қырғызстаннан Беларуське тауарларды экспорттау кезінде ЕАЭО «Сыртқы сауда операцияларын жүргізу және бақылау тәртібі туралы» 2008 жылғы 27 наурыздағы №178 жарлық ережелерін, «Тауарларды статистикалық декларациялау туралы» Беларусь Министрлер Кеңесінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі №549 қаулысын басшылыққа алуы қажет екенін атап өтті. Қырғызстандағы кедендік рәсім өткізілетін ішкі тұтынуға арналып шығарылған бірқатар тауарларға қатысты ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифі белгілеген кедендік баж ставкасынан төмен ставкалар бойынша кедендік баж төлеуге байланысты жекелеген шектеу белгіленді. Қырғызстан Республикасынан мұндай тауарларды шығарған кезде ЕАЭО кеден аумағының қалған бөлігіне, оның ішінде Беларусь Республикасына Қырғыз Республикасында төленген, Бірыңғай кедендік тариф белгілеген ставка бойынша төлеуге жататын кедендік баж сомасының айырмасы көлемінде кедендік баж төленуі тиіс», - деп түсіндірді ведомстводан. Бұдан басқа, бірқатар жекелеген тауарларға, оның ішінде жеке пайдалану үшін не осы елде кедендік режимдегі еркін айналым үшін шығарылған тауарлар ретінде Қырғызстанға әкелінген тауарларға қатысты олардың кедендік декларациялаумен немесе оларды Қырғызстаннан ЕАЭО кеден аумағының қалған бөлігіне, оның ішінде Беларуське шығарған кезде кедендік төлемді төлеуге байланысты шектеу белгіленді.