Қырғыз Республикасы ЕурАзЭҚ-тың Дағдарысқа қарсы қорынан 106,7 мииллион доллар көлемінде несие алмақ

АЛМАТЫ. 27 ақпан. ҚазАқпарат - ЕурАзЭҚ-тың Дағдарысқа қарсы қорының басқарушысы болып табылатын Еуравзия даму банкі қор қаржысынан қаржылай несие алу туралы Қырғыз Республикасының өтінішіне байланысты қорытынды әзірлеуді бастады.
None
None

Банк сарапшылары 20-23 ақпанда Бішкек қаласында болған болатын. Олар үкімет пен Қырғыз Республикасы ұлттық банкінде кездесулер өткізіп, халықаралық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен елдегі ағымдағы макроэкономикалық және салықтық-бюджеттік ахуалды талқылады.

«Елдегі ахуал тұрақталуда. Экономикалық белсенділік сенімді түрде қалпына келе бастады, инфляция мен сыртқы сауда операцияларының дисбалансы төмендей бастағаны айқын аңарылады. Орта мерзімдік келешектегі даму жоспары мен стратегиясы жасалды. Таяу апталарда Басқарушылар несиенің көлемін нақтылау мен реформалар тізімі жөнінде Үкіметпен арадағы пікірталасты қайта жалғастырады», - дейді Еуразяи даму банкінің Басқарма төрағасының орынбасары Сергей Шаталов.

Дағдарысқа қарсы қор қарауына  Қырғыз Республикасының қаржылық несие алу туралы алғашқы  өтініші 2010 жылдың қарашасында түскен болатын. Алайда бұл елдің Еуразия даму банкіне қосылу үдерісі аяқталмағандықтан ол кейінге қалдырылған еді. Қазіргі таңда Қырғыз Республикасы Дағдарысқа қарсы қор кеңесінің 2011 жылғы 4 маусымдағы барлық ұсынымдарын орындады. Ал 2011 жылғы 28 қарашада өткен отырысында Кеңес Қырғыз елінің Қаржы министрлігіне мемлекеттік бюджеттегі ағымдағы қажеттілігін анықтап, жаңартылған өтініш беруді  ұсынды. 2012 жылғы бюджеттің әлеуметтік және өзге де ағымдағы шығындарын қаржылдандыруға бағытталған 106,7 миллион доллар көлеміндегі жаңартылған өтініш банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қор қаржысын басқарушыға 25 қаңтарда келіп түскен көрінеді. 

Соңғы жаңалықтар