Қырғызстан 6 тамыздан бастап ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі атанады

«6 тамызда Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуы туралы шарт күшіне енеді. Қырғызстан Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресеймен қатар ЕАЭО-ның бесінші толыққанды мүшесі атанады», - делінген хабарламада.
Қырғызстан Кеден одағына қосылу туралы шешімді 2011 жылы күзде қабылдаған. ЕАЭО-ға кіру туралы шартқа Мәскеуде 2014 жылғы желтоқсанда қол қойылды. 2015 жылғы мамырда Мәскеуде тараптар осы келісімнің соңғы хаттамаларына қол қойды. Қырғызстан ЕАЭО-ға кіру үшін қажетті барлық мемлекетішілік рәсімдерді мамырдың аяғында аяқтаған. Шілдеде ЕАЭО-ға қатысушы барлық елдердің парламенттері Қырғызстанның одаққа қосылуы туралы келісімді ратификациялады.
Бейсенбіде, Қырғызстан ЕАЭО-ның ресми мүшесі болған кезде қазақ-қырғыз шекарасынан кеден күзеттері алынып тасталуы тиіс. Қазақстан - Қырғызстанмен ортақ шекарасы бар ЕАЭО-дағы жалғыз ел. Еуразиялық Экономикалық Одақ 2015 жылдың 1 қантарында құрылды. Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдер Қазақстан, Ресей, Беларусь 2011 жылдың 1 шілдесінде Кедендік одақтың, ал 2012 жылдың 1 қаңтарында Бірыңғай экономикалық кеңістік негізін қалаған еді. 2015 жылдан Одаққа Армения қосылды. Еуразиялық Одақ идеясы туралы алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы Мәскеуде айтқан болатын.