Қырғызстан «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде гидроэнергетикалық әлеуетін паш етпек
«Біздің еліміз үшін «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысудың маңызы зор. Қырғыз павильонын дайындауда қайта жаңартылатын энергия көздері мен еліміздің гидроэнергетикалық әлеуетіне басымдық беру қажет. Ол болашақта бүкіл Орталық Азия аймағын электр энергиясымен жабдықтауға мүмкіндік береді», - деді ол.
Вице-премьер-министрдің пікірінше, Астанада өтетін ауқымды шара әлемнің бар түкпірінен іскер жандардың басын қосады.
«Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуымыз Қазақстанның іскерлік ортасының өкілдерімен байланыс орнатуға мүмкіндік береді, әрі осы көрме барысында шекара маңы өзендерін өзара тиімді пайдалану перспективаларын егжей-тегжейлі талқылай аламыз», - деп түйіндеді В.Диль.
Кеңес қорытындысы бойынша «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне Қырғызстан экспозицияларын әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берілді.