Қырғызстан Қазақстандағы өз азаматтарына кәсіпкерлік қызметтің жаңа ережесін қолдану мерзімін кейінге шегеруді өтінді

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі мен шетелдегі дипмиссиясы
None
None

қырғыз еңбек мигранттарына қатысты кәсіпкерлікті жүргізудің жаңа ережесі және оны қолдану мерзімін кейінге шегеру мәселесі бойынша қазақстандық мемлекеттік органдармен консультация жүргізуде. Бұл туралы жұма күні Қырғыз Республикасы СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда біржолғы талон түрінде салық салу режимі алынып тасталған болатын. Ал шетелдік азаматтардың сауда жасауы үшін міндетті шарт - жеке кәсіпкер ретінде тіркелу. Осы енгізілген жаңашылдықтарға орай Қырғызстанның Астанадағы Елшілігі мен Алматыдағы Бас консулдығы Қазақстан Республикасының жергілікті билігінің көмегімен еңбек мигранттарына ҚР салық саласындағы өзгертістер туралы ережелерді түсіндіру шараларын жүргізуде.

«Қазақстан аумағындағы көптеген қырғыз кәсіпкерлерімен қазірдің өзінде рұқсат беру құжаттары рәсімделді және олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Қырғызстан дипмиссиясы тарапынан, сонымен қатар Қазақстан Республикасының салық және көші-қон органдары тарапынан да бірнеше мәрте түсіндіру жұмыстарының жүргізілуіне қарамастан сауда-саттықпен айналысатын қырғыздар әлі күнге дейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жоқ әрі қажетті құжаттарды рәсімдеуге асығар емес», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар