Қырғызстан Қазақстанның күш-қуатының арта түсуіне мүдделі - Жогорку Кенеш депутаты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның серпінді дамығаны Қырғызстан үшін аса маңызды. Бұл туралы бүгін Тұңғыш Президент күні қарсаңында Астана қаласында өтіп жатқан «Президент. Парламент. Интеграция» халықаралық конференциясы барысында Қырғызстанның Жогорку Кенешінің депутаты Марат Сұлтанов айтты.
None
None

«Қазақстанның қарқынды дамығаны Қырғызстан үшін де аса маңызды. Өйткені Қазақстанды біз үлгі тұтамыз. Туысқан елдің әрі қарай қарыштап дамуына біз қашан да мүдделіміз. Себебі мұның біздің экономикамыз үшін де, еліміз үшін де тигізетін септігі зор», - деп атап өтті М.Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар