Қырғызстан КО мен ЕАЭС-ке желтоқсанда қосылады

Оның айтуынша, биылғы жылдың 23 желтоқсанында Мәскеуде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтеді екен. «Қырғызстан ол уақытқа дейін белгіленген «жол карталарын» бекіту бойынша барлық формальді рәсімдерді аяқтап, отырыс кезінде аталған интеграциялық бірлестікке 2015 жылдың 1 қаңтарында қосылу туралы Шартқа қол қоюды көздеп отыр», - деп мәлім етті С.Исақов «Внешная политика» басылымына берген сұхбатында.
«Біздің қазіргі негізгі межеміз 23 желтоқсан болып отыр, осы уақытқа дейін қосылу туралы шартты дайындау бойынша барлық қажетті рәсімдерді аяқтап біту керек. Оған қол қойылғаннан кейін барып мемлекетішілік деңгейде бекітілген жол карталары аясында қабылданған нормаларды жүзеге асыру жұмыстары басталады», - деп қосты сыртқы саясат бөлімінің басшысы.
Исақовтың сөзіне қарағанда, Қырғызстанның Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық қосылуына ел тұрғындары қарсылық білдірмеген. Ықпалдастықтың тиімділігін қоғам мен парламент және бизнес өкілдері бірауыздан қолдап отырған көрінеді. «Біз егер қазір Ұырғызстанды дамытамыз деп мақсат етсек, онда Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуымыз керек, одан өзге жолымыз жоқә деп ойын түйді С.Исақов тілшілермен болған сұхбат барысында.
Естеріңізге салайық, Еуразиялық экономикалық одағын құру туралы шартқа ағымдағы жылдың 29 мамырында Қазақстан, Ресей және Белорусь елдерінің Астана қаласында қол қойылған болатын. Осынау салтанатты шараға Қырғызстан мен Арменияның президенттері де қатысып, өз елдерінің ЕАЭО-ға мүше болғысы келетінін мәлімдеген болатын.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта халықаралық ұйымдарға тән базалық аспектілер, мемлекеттердің егеменді теңдігі, аумақтық тұтастығы, сондай-ақ Одақтың мүше-мемлекеттерінің саяси құрылымының ерекшелігін құрметтеу қағидаттары көрініс тапқан.
Бұған қоса, шарт Қазақстан, Ресей және Беларусь азаматтарының әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру мәселелерін шешуге бағытталған және тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын, үйлестірілген экономикалық саясат жүргізуді қарастырады.
Жалпы алғанда, келешектегі интеграциялық тиімділік 2030 жылға қарай ІЖӨ-нің жиынтық өсімі 900 миллиард доллар көлемінде болатындығымен бағаланып отыр. Еуразиялық экономикалық одақ теңдік, негізділік, жүйелілік, прагматизм және өзара тиімділік қағидаттары негізінде құрылады.