Қырғызстан Парламентінің спикері А.Келдібеков Қазақстанға келеді
«Ахматбек Келдібеков Қазақстанға ресми сапармен ҚР Парламенті Мәжілісінің шақыруымен барады. Спикер Парламент жұмысына қатысып, ресми тұлғалармен кездеседі», - деді Парламенттің баспасөз хатшысы Әсел Әлиева.
Қазақстанға сапар 26 сәуірге жоспарланған және екі күнге созылады. Мәжіліс депутаттарымен кездесуден кейін Жогорку Кенеш спикері Ахматбек Келдібеков Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының ІІ жалпы отырысына қатыспақ (ТҮРКПА).
Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған сессияда Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның Парламент төрағалары қатысатын Ассамблея кеңесінің отырысы өтеді.
Қазіргі уақытта ТҮРКПА-ға Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Түркия кіріп отыр. Алғашқы отырыс өткен жылдың көктемінде Бакуде өткізілді.