«Қырғызстан шекарасын айналып өту - Жамбыл облысы» учаскесі желтоқсанда қолданысқа беріледі
«Кеше біз «Қырғызстан шекарасын айналып өту - Жамбыл облысы» учаскесі құрылысының бетонды жолының соңғы 36 километрін салуды аяқтадық»,-делінген онда.
Естеріңізде болса, 2010 жылдың жазынан бастап «Алматы - Тараз - Шымкент» бағытындағы көліктер үшін Жамбыл облысына қарасты «Қайнар - Ойтал» учаскесінің жекелеген бөлігі көршілес Қырғызстанның аумағымен өткендіктен жабық болатын. Нәтижесінде жолаушыларға Шу арқылы қосымша 57 шақырым жол жүруге тура келді. Осыған байланысты өткен жылы жолды қайта салу жобасы қолға алынған еді. Жаңа жоба бойынша жол ұзақтығын сақтай отырып, көршілес елдің аумағын айналып өтетін жаңа жол салу көзделді.
«Қазіргі уақытта бұл жаңа учаске толығымен салынып бітті. Осы жолдағы көлік қозғалысын 16 желтоқсанда ашуды жоспарлап отырмыз. Шамамен осы уақытқа дейін құйылған 36 шақырым бетон қажетті беріктілік қалпына келеді және ұзақтығы 125 метр болатын Шу өзені арқылы 5 өткінді аралық көпір құрылысының жұмыстары да аяқталады. Нәтижесінде Алматыдан Таразға дейінгі жолдың ұзақтығы 57 шақырымға қысқарады»,- деп жазылған блокта.
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» магистралінің құрылыс барысы туралы жалпы айтар болсам, бүгінгі күнге ағымдағы жылға арналған жоспар орындалды. Жоспарланған 700 шақырым жол құрылысының орнына 800 шақырымнан астам жол салынды. Бұл учаскелер Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында салынып, біртіндеп қолданысқа берілуде»,-дейді министр.
Оның сөзіне қарағанда, биылғы жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Магистраль құрылысына 35 мыңнан астам адам тартылды, миллиондаған тонна құрылыс материалдары пайдаланылды. Тек осы маусымда 24 млн текше метр топырақ тасылып, бұл - шамамен 3,4 млн КамАЗға лайық жүк, 13 млн текше метр немесе 200 мың вагон инертті материалдар, 500 мың тоннадан астам цемент. Бұл материалдарға биіктігі 16 қабатты 118 ғимарат салуға болар еді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында келесі жылға жоспарланған жоспар бойынша біз «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» магистралінің 806 километрін салуымыз керек. Автомобиль жолдары комитетіне құрылыс материалдарына деген жоғары қажеттілікті ескере отырып, еліміздегі зауыттардың өндіріс қуаттылығы мен құрылыс материалдарды тасымалдауға қажетті ресурстарды есепке ала отырып, жаңа құрылыс маусымына дайындықтың іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөнінде тапсырма бердім»,-дейді А. Жұмағалиев.