Қырғызстанда Қазақстанмен достық, өзара тиімді байланыстарды құрудан басқа таңдау жоқ - Т.Сариев
басшылығындағы «Акшумкар» партиясы фаворит болып отыр. Үстіміздегі жылғы сәуірдің 7-сінде билік ауысқаннан кейін партия көшбасшысы Темір Сариев Қырғызстанның қаржы министрі мен уақытша үкімет төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды. Бірақ парламентке сайлауға қатысу үшін отставкіге шықты.
Өзінің Қырғызстандағы саяси процестерге көзқарастарымен Темір Сариев ҚазАқпарат оқырмандарымен бөлісті.
- Темір Әргембайұлы, Қырғызстанда сайлау алды науқаны қалай жүргізіліп жатыр? Сіз өз партияңыздың мүмкіндіктерін қалай бағалайсыз?
- Биылғы сайлау алды науқанының өзінше бірегей екенінен сіз хабардарсыз. Оның осының алдындағы сайлаулардан айырмашылығы төмендегідей. Жуырда біз жаңа Конституцияны қабылдадық, оған сәйкес үкіметті құру - Жогорку Кенештің (парламент) міндеті, бұл дегеніміз, депутаттық мандаттар үшін күрес - үкіметті құру құқығы үшін күрес, ал ол мемлекеттің саясатын толықтай дерлік анықтау деген сөз.
Бұрын бізде Президент аса маңызды рөл атқарды, қазір бәрі өзгерген. Бұл бірінші. Екіншіден, сәуір оқиғаларынан кейін Қырғызстанда көшбасшы саяси партияның жоқтығы жағдайы туындады. Осы жағдайларға байланысты, біз көп айтылатын әкімшілік ресурсты пайдалану өте төмен деңгейде болып, сайлаулар шыншыл негіздерде өтеді деп үміттенеміз. Үшіншіден, елде сан-салалы саяси партиялар бар, бірақ халық ерекше ілтипат білдіретін партия жоқтың қасы. Осының барлығы сайлаушылардың дауыстарының бытыраңқы болып, біздің парламент әлеміш орган болып қалуы ықтимал. Ол көкейкесті мәселелер бойынша бір шешімге келеді, не келмейді. Басқаша айтқанда, сайлау науқаны қауырт жүргізіліп жатыр, әлі күрделі оқиғалар орын алған жоқ, алмайды деген үміт те жоқ емес.
Алдағы сайлаудағы біздің партияның мүмкіндіктерін мен өте жоғары бағалаймын. Кейбіреулер айтатындай, біз барлық дауысты жинамаспыз, дегенмен көшбасшылардың алдында болатынымызға сенімдімін.
- Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы байланыстардың болашағына қатысты сіздің пікіріңізді білсек бола ма?
- «Акшумкар» партиясы да, осы партияның көшбасшысы ретінде жеке өзім де біз әр нәрсеге ұтымдылықпен қарап, кез-келген нәрсені Қырғызстан үшін пайдалылығы мен тиімділігі жағынан қарастырып отырдық. Пайдалылық жағынан алғанда Қырғызстан үшін біздің ірі көршіміз Қазақстанмен достық, өзара тиімді байланыстарды құрудан басқа таңдау жоқ. Оның үстіне, қазақ халқымен ағайындық және мәдени байланыстарға бірнеше жүздеген жыл болғанын, ал ол біздің ата-бабаларымыз бекітіп кеткен жоғары межеге сәйкес болуымызды талап етеді.
Қазіргі күні Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы экономикалық байланыстардың деңгейі менің ойымша, бізде бар әлеуеттілікке сай келеді. Біз бір мезгілде сауда-саттықпен де айналысып, басқа салаларда да экономикалық байланыстарды жүзге асыра аламыз. Қазір Қырғызстанда саяси реформалар өткізілуде, бірақ оған қарамастан, біздің экономикалық, мәдени байланыстарымыз өсу қарқынында дамуы тиіс. Ол биліктегі саяси күшке тәуелді болмауы керек. Осындай мақсаттарды біз алдымызға қойып отырмыз және келешекте соны жүзеге асыру бағытында белсене жұмыс атқармақпыз.
- Қазақстан мен Қырғызстанның екіжақты ынтымақтастығының қай саласын басымдықты деп санайсыз?
- Бүгінде қазақ бизнесі Қырғызстанда біраз саланы, атап айтқанда, банк, тамақ өнеркәсібі, туризм, ауыл шаруашылығы, кен өндірісі, және т.б. салаларды қамтып отыр. Менің ойымша, осы бағыттан танбау керек. Қазақстанның банк секторы ТМД-дағы ең дамыған сектор екенін біз білеміз және біз осы саладағы ынтымақтастықтың жалғасқанын қалаймыз. Бұл бизнестің басқа да салаларына қатысты.
Біздің пікірімізше, мемлекеттің басты міндеті - баршаның меншік қауіпсіздігіне кепілдік беру, мейлі ол Қырғызстан азаматы немесе шетелдік инвестор болсын. Қазақ инвесторлары Қырғызстан экономикасына қатысуларын кеңейте түссе дейміз. Біздің кәсіпкерлеріміздің қазақстандық серіктестерге ұсына алатын тірліктері көп, біз оған сенімдіміз. Жалпы алғанда, біздің партиямыздың ұстанымы сол - мемлекет кәсіпкерлікті салықпен тұншықтырмай, оның дамуына жан-жақты қолдау көрсетуі керек. Сондықтан да, біздің елдеріміздің арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кемел келешек күтіп тұр деп ойлаймын.
- Қырғызстанның Кеден одағына қосылуы қаншалықты нақты?
- Қырғызстан, негізгі экономикалық серіктестері Ресей, Қазақстан және Қытай екенін түсінеді. Ресей мен Қазақстан Кеден одағын құрып отыр. Біз сауда режимі ережелерінің өзгергенін жақсы түсінеміз және бұл жағдай қытай тауарларының реэкспортымен айналысатын біздің кәсіпкерлерімізге үлкен әсер ететін болады. Сонымен қатар, бұл фактор - түпкілікті өнім түрлерінің өзіміздегі өндірістердің үлесін арттыруға серпін береді. Осы тұрғыдан алғанда, Қырғызстанның Кеден одағына қосылуы ақылға қонатын әрекет. Сондықтан да, ДСҰ-ға мүше мемлекеттер ретіндегі біздің міндетіміз - Қырғыз Республикасының Кеден одағына қосылу мүмкіндігі туралы терең талдау жүргізу. Екінші жағынан алып қарағанда, Ресей мен Қазақстанның түпкілікті мақсаты - әлемдік сауда-саттықтың 80 пайыздан астамын қамтитын Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу екенін біз түсінеміз. Сондықтан да біз серіктес-елдеріміздің ДСҰ-ға тезірек қосылуына жан-жақты қолдау көрсететін боламыз.
- Қырғызстан өзін шетелдік инвесторларға ашық ел деп санайды. Сонымен бірге, кейбір жекелеген саясаткерлер «сәуір оқиғаларынан кейін» бірқатар шетелдік нысандарды мемлекеттің қарауына қайтару керек деп отыр. Сол нысандардың тағдырлары не болмақ?
- Өздеріңіз білесіздер, мен нысандарды ойланбастан мемлекеттің қарауына қайтарылуына о баста қарсы болған едім. Сәуірдің 7-сінен кейін, өзім мүше болған уақытша үкімет бірқатар нысандарды мемлекеттің қарауына қайтару туралы бірнеше декрет қабылдады. Мен ол шешімдерді қолдадым да, бірақ тек заңнамалар бұзыла отырып, жекешелендірілген нысандарды да қайтару керектігін айттым. Бұл жерде, «Северэлектро», «Востокэлектро» және «Кыргызтелеком» компаниялары туралы сөз болып отыр. Ол кәсіпорындар заң бұрмалана жүргізілген тендерлердің нәтижесінде тиынға сатылып кеткен.
Ал басқа меншік нысандарына келер болсақ, мен олардың асығыс ұлт меншігіне алынуына әрқашан қарсы болдым. Мүліктің заңды сатып алынғанына күмән болса, мәселені сот арқылы шешу керек деп санаймын. Басқаша жолдың болуы мүмкін емес. Шетелдік меншік иелеріне тиесілі нысандарға келер болсақ, оларға қатысты амалдар да заңның аясында болуы керек деп санаймын. Ал халықаралық келісімдердің аясында жаңа қожайындарға өткен меншік нысандарына келетін болсақ, бұл жерде мемлекеттің беделі де ескерілуі керек деп ойлаймын. Мемлекет өз шешіміне өзі жауапты. Олай болмаған күнде ол не ары, бері сөйлеп, өзінің халықаралық беделін жоғалтпақ. Халықаралық серіктестердің алдында міндеттемелерін мемлекеттің әрқашан орындағанын қолдаймын.
- Ағымдағы жылдың қазан айындағы парламенттік сайлаудан кейінгі сіздің жеке жоспарларыңыз қандай?
- Қазан айындағы жоспарларымның бәрі сайлаумен және Жоғорку Кенештегі жұмыспен байланысты. Ол оңай уақыт болмайын деп тұр, себебі алда парламент пен үкімет жасақтау жөніндегі үлкен жұмыстар күтіп тұр.
- Сұхбатыңызға рахмет. Сәттілік тілейміз.