22:22, 20 Тамыз 2010 | GMT +5
Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыруға байланысты шаралар жөнінде консультациялар жалғаса береді - Армения президенті С.Саргсян
РЕВАН. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыруға байланысты шаралар жөніндегі Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мүше-мемлекеттері арасындағы консультациялар жалғаса береді. Бүгін бұл туралы Ереванда өткізілген Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының қатысушы мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуінің соңында өткізілген баспасөз мәслихатында Армения президенті Серж Саргсян хабарлады.

«Бүгінгі саммиттің негізгі тақырыбы Қырғызстандағы жағдай туралы және оны тез арада тұрақтандырудағы ҰҚШҰ қолға алып жатқан шаралар, біздің тарапымыздан туысқан Қырғызстан халқына көрсетілер көмек туралы болды» - деді С.Саргсян.
Армения басшысы хабарлағандай, кездесу барысында Мәскеуде өткізілген ҰҚШҰ мамыр саммитінде қабылданған шешімдердің орындалу барысы сараптамадан өткізіліп, алдын ала нәтижелері шығарылды.