Қыркүйек айында Бакуде Каспий мәртебесі талқыланбақ

БАКУ. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Конвенцияны әзірлеу бойынша арнайы жұмыс тобының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы кезекті 33-ші отырысы қыркүйек айының екінші жартысында Баку қаласында өтеді.
None
None

Оған Каспий маңындағы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары қатысады деп күтілуде.

Бұл туралы бүгін тілшілерге Әзербайжанның сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов мәлім етті.

Оның айтуынша, мұндай шешім Тегеранда жұмыс тобының таяуда өткен кездесуінде қабылданған.

Соңғы жаңалықтар