09:55, 17 Тамыз 2010 | GMT +5
Қыркүйектің 1-і күні павлодарлық 3,7 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды
ПАВЛОДАР. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Дүйсенбі күні Павлодар әкімі Бақытжан Жоламанов өткізген кеңес барысында білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына деген дайындықтары талқыланды, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Қыркүйектің бірі күні 3,7 мың бала бірінші сыныпқа барады. Мамандар жыл сайын мемлекеттік тілде білім беретін сыныптарға баратын балалардың саны артып келе жатқандығын атап өтуде. Былтырғы оқу жылында қазақ тілді сыныптарға 874 оқушы барса, биыл олардың саны 1 020 адамға жеткен.
Білім беру басқармасының бастығы Зәуреш Мұқашева мектептер мен бала бақшалардың тексерілуі туралы ақпарат берді.
Павлодар қаласының әкімі жаңа оқу жылына деген дайындық пен оқушылардың 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуін жіті бақылауда ұстау керек екенін атап өтті.