Қыркүйектің соңында Астана мен Алматыда Қазақстандағы Латын Америкасының апталығы басталады

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 27-сі мен қазанның 3-і аралығында Чили Республикасының Қазақстандағы Құрметті консульдігінің қатысуымен Астана мен Алматы қалаларында Латын Америкасының апталығы өтеді.
None
None

«Қазақстанға Латын Америкасы елдерінің көрнекті саясаткерлері, ғылым, өнер және мәдениет қайраткерлерінің үлкен тобы келеді. Астанада Латын Америкасы елдері тауарлары мен қызметтерінің көрмесі ұйымдастырылып, латынамерикандық аспаздар және аталған елдердегі № 1 TOUR EXPRESS туристік компания шеберлік дәрістерін өткізеді. Ал шарап салонынан әлемге танымал чилилік және аргентиналық шараптардың, мексикалық текиланың, кубалық ромның дәмін татуға мүмкіндік болады», делінген елорда әкімдігінің баспасөз ақпаратында.

Студенттер үшін «Латын Америкасы: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында Латын Америкасы елдерінің тарихы мен мәдениеті туралы дәріс оқылып, «Бороться и побеждать» кітабының тұсауы кесіледі. Сондай-ақ Халықаралық бизнес академиясы мен Еуразия ұлттық университетінде зейнеткерлік сақтандыру, ал Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Пабло Неруданың шығармашылығы бойынша дәрістер оқылады.

Өнерсүйер қауым үшін қала кинотеатрларынан латынамерикандық фильмдер көрсетілсе, футбол жанкүйерлері латынамерикандықтар мен қазақстандықтар арасындағы футбол матчын тамашалай алады.

Соңғы жаңалықтар