Қысқы жылыту маусымы ешбір оқиғасыз өтіп жатыр - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында қысқы жылыту маусымы ешбір кедергісіз өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлады Жаңа жылдың қарсаңында Павлодар облысы әкімінң орынбасары Арслан Абдықалықов.

 Инженерлік жүйедегі зақымданған және апат жағдайындағы оқиғалар тез арада жөнделіп, электр нысандарының және коммуналдық кешеннің жұмысы ешбір кедергісіз қамтамасыз етіліп отыр.

 Күнделікті облыс тұрғындарынан жылу, сумен және электр қуатымен қамтамасыз етуге байланысты түсіп жатқан шағымдар ескеріліп, назарға алынуда. Жылыту маусымының басынан Павлодар және Ақсу қаласының 6 тұрғын үйінен жылумен аз қамтамасыз етілгені жайлы 33 шағым түсті.

 Негізгі мәселе тұрғындардың құрылыс фирмаларымен және олардың тұрғын үйдегі қалыпты ауа температурасы 20 градус ережелерімен келіспеу болып табылады.

 Келіп түскен шағымдар бойынша тиісті шаралар қолданылып жатыр. Мәселен, кейбір жылу пунктерінде жөндейтін шаралар барысы мен  Павлодардағы жылу жүйесінің реттелуі тексерілді.  Бұл өз алдына тұрғын үйлердің жылумен қамтамасыз етуге байланысты мәселерді реттеуге көмектесті.

Соңғы жаңалықтар