Қыстақ маңынан ауыл тұрғынының үсіп қалған денесі табылды - БҚО

ОРАЛ. 12 наурыз. ҚазАқпарат - 10 наурыз күні Қаратөбе ауданында Тұрым қыстағынан 500 метр жерде Ханкөл ауылының 1974 жылғы тұрғынының мүрдесі табылды.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен Гүлшат Молдағалиеваның хабарлағанындай, мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Кейбір деректер бойынша аталған азамат 6 наурыз күні Ханкөл ауылынан жолға жаяу шыққан. 7 наурызда облыс аумағында боран соққаны белгілі. Оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

Соңғы жаңалықтар