08:48, 01 Тамыз 2012 | GMT +5
Қытай ауыр атлеті ел қоржынына он үшінші алтын салды
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Қытай ауыр атлеті Цинфэн Линь Лондон Олимпиадасында өз елінің қоржынына 13-ші алтынды салды.

Әйелдер арасында 69 келі салмақ санатына дейінгі сайысқа шыққан ол 344 келіні бағындырып, чемпион атанды.
Ал күміс 333 келі көтерген индонезиялық Триятноға бұйырса, қола медаль 332 келіні бағындырған румындық Разван Константин Мартиннің қанжығасын майлады.
Бүгін ауыр атлетика жарыстары жалғасады. Жарыс жолына Қазақ елінің атынан Кирилл Павлов пен Анна Нұрмұхамбетова шығады.