10:59, 26 Мамыр 2016 | GMT +5
Қытай азаматшасы Қазақстаннан 2 келі нефрит алып өтпек болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қытай шекарасында жартылай бағалы тасты алып өтпекші болған әйел адам қолға түсті, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

«Қорғас» шекаралық бақылау пунктінің жасағы Қазақстаннан Қытайға екі келі нефрит алып өтпек болған 33 жастағы Қытай азаматшасын ұстады.
Ол ҚР-дан Қытайға жаяу өтпекші болған. Жартылай бағалы тас қол жүгін тексерген кезде тәркіленді.
Ұстау фактісі бойынша өзара бірлесіп жұмыс істейтін органдар хабардар етілді.