Қытай «БҰҰ мен ШЫҰ арасындағы ынтымақтастық» қарарын жүзеге асыруға белсенді атсалысады - Қытай СІМ

БЕЙЖІҢ.  Желтоқсанның 23-і.  ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ -    Қытай   БҰҰ  Бас  Ассамблеясының 64-ші сессиясында қабылданған  «Біріккен  Ұлттар Ұйымы  мен  Шанхай ынтымақтастығы  ұйымы арасындағы  ынтымақтастық»  қарарын   жүзеге асыруға  белсенді  атсалысатын  болады. 
None
None

Бұл туралы сейсенбі күні   Бейжіңде  өткен баспасөз мәслихатында  Қытай  Сыртқы  істер министрлігінің  ресми өкілі Цзян Юй   ханым мәлім етті.

Ресми    өкіл айтып өткендей,   Қытай  Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше негізгі елдің бірі  ретінде,      ашық ұйым болып  табылатын  ШЫҰ-ның  басқа мүшелерімен  тығыз  қарым-қатынас  ұстанады,  осыған байланысты,     Ұйымға мүше мемлекеттер    халықаралық   және  аймақтық   ұйымдармен,   басқа мемлекеттермен     достық   алмасуларға және   өзара тиімді ынтымақтастыққа     әзір.

Қытай  тарабы  «БҰҰ Бас Ассамблеясының  64-ші сессиясында қабылданған «Біріккен  Ұлттар Ұйымы  мен  Шанхай ынтымақтастығы  ұйымы арасындағы  ынтымақтастық» қарарды   қолдап отыр.   «Қытай БҰҰ Жарғысына  сәйкес,    аталмыш  қарарды  жүзеге асыруға белсенді   атсалысатын болады,      аймақтық    тыныштық  пен     тұрақтылықты   сақтау   мақсатында БҰҰ  мен   ШЫҰ арасындағы  ынтымақтастықты тереңдете түседі», - деп атап көрсетті     Қытай сыртқы саяси  ведомствосының  ресми өкілі.

Өткен  жұма күні    БҰҰ  Бас  Ассамблеясы 64-ші сессиясының  пленарлық мәжілісінде  «Біріккен  Ұлттар Ұйымы  мен  Шанхай ынтымақтастығы  ұйымы арасындағы  ынтымақтастық»  қарары   қабылданған  болатын.  Бұл    қарардың  жобасын    сессия   қарауына     Қазақстан,   Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан  және Өзбекстан  енгізді.   ШЫҰ Бас хатшысы Болат Нұрғалиев    пленарлық мәжілісте  сөйлеген сөзінде,  екі  ұйымның арасындағы ынтымақтастықты  әрі  қарай    нығайтуды қолдап  отырған  БҰҰ елдеріне  алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар