16:39, 14 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Қытай Қазақстанмен тату көршілік қатынасты дамытуға баса назар аударады - Ли Кэцян
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Қазақстанмен тату көршілік қатынасты дамытуға баса назар аударады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен келіссөздер өткізгеннен кейінгі брифингте ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян мәлім етті.
«Бейбіт жолмен даму - бұл біздің заманның талабы. Сондықтан да қытай үкіметі өңірдегі және әлемдегі барлық елдермен ынтымақтастықты қамтамасыз ету, бірлесе әрі бейбіт даму үшін алдағы уақытта да өз ұмтылысын жалғастыра береді», - деді ол.
Л.Кэцянның атап өтуінше, Қазақстан мен Қытайдың арасындағы бүгінгі ынтымақтастық қарқынды даму үсінде.
«Осыған орай біз өзіміздің маңызды көршіміз Қазақстанмен тату көршілік, өзара сыйластық, өзара тиімді ынтымақтастықты одан ары дамыта түсуге барынша назар аударамыз», - деді қытай премьері.