13:39, 05 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Қытай мен Ресей ШЫҰ-ға мүше-елдер аумағында төтенше жағдайларға әрекет ету қызметі бойынша спутникті іске қоспақ
БІШКЕК. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қытай мен Ресей ШЫҰ-ға мүше-елдер аумағында төтенше жағдайларға әрекет ету қызметі бойынша спутникті іске қоспақ.

Бұл туралы бүгін ШЫҰ-ға мүше-елдер Үкімет басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйлеген ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао мәлім етті.
«Аталмыш спутник барлық мүше-мемлекеттерді, диалог бойынша байқаушылар мен серіктестерді қамтиды және ол Төтенше жағдайларға әрекет ету қызметі бойынша бірыңғай платформа болады», - деп нақтылады Вэнь Цзябао.
Оның сөзіне қарағанда, Қытай мен Ресей аталмыш жобаның техникалық-экномикалық негіздемесін бірлесіп жасап қойды.
«Ұйым бойынша өзге де серіктестер қаржыландыруға, жер бетіндегі стансыларды салуға және олардың коммерциялық пайдаланылуына белсенді қатысады деген үміт білдіремін», - деп түйді ол.