Қытай ШЫҰ-ға төрағалығы кезінде Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын - ҚХР Ұлттық үйлестірушісі Цзи Яньчи

АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қытай Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы кезінде Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.
None
None

Бұл туралы журналистерге Қытай Халық Республикасының ұлттық үйлестірушісі Цзи Яньчи ШЫҰ-ға қатысушы елдер Сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездесуінен кейін мәлім етті.

«Маусымнан бастап, Қазақстанның төрағалығы кезінде, Ташкентте өтетін самиттен кейін қазақстандық әріптестер үлкен жұмысты аяқтады. Сондықтан Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің осы отырысында біз қазақстандық әріптестердің жасаған жұмысы негізінде ШЫҰ аясындағы Іс-қимыл жоспарын талқылаудамыз. Біз нәтижелі жұмыс істеп отырмыз деп айтуға болады, сондықтан Қазақстан Президентінің, Қазақстан басшылығының жеке назарымен Қазақстанның төрағалығы кезіндегі ШЫҰ-ның қызметі жемісті нәтиже береді деп еш күмәнсіз айтуға болады. ШЫҰ 10 жылдығына арналған алдағы саммит аясында біздің қауіпсіздік, экономика және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығымыздың жаңа сатысы басталады», - деді Цзи Яньчи.

Ол Қытай Халық Республикасының Ұйымға төрағалығы кезінде Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар