Қытайда БҰҰ аясындағы Климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық келіссөздің кезекті сессия ашылды

ТЯНЬЦЗИНЬ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Барлық елдер мерзімі 2012 жылы аяқталатын Киото хаттамасының болашақ тағдыры туралы өз пікірлерін нақты білдірулері керек.
None
None

Бұл туралы бүгін Тяньцзиньде БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негізгі конвенциясы хатшылығының атқарушы хатшысы Кристиана Фигуэрес ханым мәлім етті.

Ол БҰҰ аясындағы Климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық келіссөздің кезекті сессиясына қатысушы барлық елдердің өкілдерін «теңгерімді нәтижелерге қол жеткізу үшін мәмілегерлік рухты сақтауға, икемділік білдіруге және ортақ пікірлер іздестіруге» шақырды.

Бүгін Қытайдың Тяньцзинь қаласында БҰҰ аясындағы Климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық келіссөздің кезекті сессия ашылды. Қытай аумағында тұңғыш рет өтіп отырған бұл кездесу қарашаның 29-ы мен желтоқсанның 1-і аралығында Мексиканың Канкун қаласында болатын БҰҰ-ның XVI конференциясының қарсаңындағы соңғы сессия.

Соңғы жаңалықтар