Қытайда қазақ тіліндегі басылымдар санын көбейту мәселесі қолға алынбақ

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайда қазақ тіліндегі басылымдар санын көбейту мәселелері зерделенуде. Бұл туралы Аспан асты елі астанасында болған қазақстандық журналистермен кездесу барысында ҚХР Шет тілдерде шығатын әдебиет баспасы басқармасының бастығы Чжоу Минвей хабарлады.
None
None

«Қытайда қазақ тілінде басылымдар аз шығатыны өкінішті. Қытай туралы қазақ тілді басылымдар санын көбейткіміз келеді. Мұны шешудің екі тиімді жолы бар деп ойлаймын. Біріншісі - біздің басқарманың қазақстандық баспалармен ынтымақтастығын дамыту. Екінші жолы - екі елдің үкіметтері тарапынан мемлекеттік қолдау алу», - деді ол, Қазақстаннан келген қонақтардың сұрағына жауап беру барысында.

«Әрине, қытай, қазақ тілдерін жетік білетін аудармашылар қажет», - деп түйіндеді сөзін.

ҚХР шет тілдерде әдебиет шығаратын баспа жыл сайын 11 тілде 5 мыңнан астам кітап және басқа да материалдар шығарады, оның басшылығымен 27 журнал шығарылады, түрлі бағыттағы 33 вебсайт жұмыс істейді.

Еске салсақ, «Хабар», «24.kz» телеарналары, «Қазақстан» ТРК, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Экспресс К», «Литер», «Караван», «Время», «Деловой Казахстан» газеттері, «ҚазАқпарат» ХАА баспасөз турын Бейжің, Шанхай, Чунцин қалаларында «Жібек жолы бойындағы экономикалық белдеу» бастамасын іске асыру аясында медиалық салада екі елдің ынтымақтастығын нығайту мақсатында ҚР-дағы ҚХР Елшілігі, Мемлекеттік кеңес баспасөз кеңсесі, Қытайдағы шет тілдерде әдебиет шығаратын басқарма ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар