Қытайда Қазақстан ұнынан жасалған кеспеге тапсырыс беру трендке айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда қазақ ұнынан жасалған кеспеге сұраныс жоғары. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатынан кейін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Ағымдағы жылы астықтың сапасы өте жақсы, ақуыз деңгейі жоғары, шамамен 26-28 пайыз. Соның арқасында шетелдік инвесторларды елімізде астықты терең қайта өңдеумен байланысты өндіріс орындарын ашуға тартудамыз. Мәселен макорон өнімдері, кеспе дайындау. Күні кеше ғана Ауыл шаруашылығы министрлігінде осы жерде кеспе шығаратын зауыт салғысы келетін қытайлық инвестормен кездесуім өтті. Ұнымыз инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр. Жоғары сұрыпты ұн кеспе өндіруге мүмкіндік беретін сапаға ие. Тіпті, Қытайда қоғамдық тамақтану орнына немесе мейрамханаға келгенде олардың қазақстандық ұннан жасалған кеспеге тапсырыс беруі трендке айналыпты. Біз  мұнан ары да ілгерілеп, дәл сол кеспені Қазақстанда шығарып, қаптамаға салып, оларға дайын өнім түрінде жібере алар едік», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қытайлық инвестор кеспе шығаратын зауыт құрылысына байланысты Астана мен Қостанай облыстарының әкімдерімен келіссөздер жүргізген. Солтүстік Қазақстан облысының мүмкіншілігін назарға алған.

«Ендігі уақытта таңдау жер учаскесіне, инфрақұрылымға байланысты болмақ. Аталған кәсіпорынға қазақстандық серіктес те бар. Меніңше, ол Астананың азық-түлік белдеуінде болатын сияқты. Жоба құны шамамен 47 млн долларды құрайды. Өндірістік қуаты тәулігіне шамамен - 700 тонна кеспе. Кейін бұл көрсеткіш тәулігіне 1 мың тоннаға дейін жеткізіледі», - деді Гүлмира Исаева.

Соңғы жаңалықтар