10:16, 27 Ақпан 2010 | GMT +5
Қытайда отшашулар жарылысы кезінде 13 адам мерт болды және 30 адам зардап шекті
АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат - Қытайда отшашулардың жарылысы кезінде 13 адам мерт болды және 30 адам зардап шекті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті биліктің мәлімдемесіне сай, оқиға елдің оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы елді мекендердің бірінде орын алды. Отшашулар ату жергілікті тұрғындардың бірінің үйінің ауласында болған. Тұтанған от жақын маңдағы құрылыстардың бірін шарпиды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.