Қытайдың мұнайгаз саласындағы құрылғылары Қазақстанда шығарылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың мұнайгаз саласындағы құрылғылары Қазақстанда шығарылуы мүмкін. Бүгін Астанадағы «KAZENERGY-2015» Х Еуразиялық форумы барысындағы конференцияның қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрінің орынбасары Ұзақбай Қарабалин осылай мәлімдеді.
None
None

Еске салайық, форум аясындағы мұнай-газ конверенциясы «Еуразия өңіріндегі энергия қауіпсіздігі: жаңа ынтымақтастық механизмі» тақырыбында өткен болатын.

Вице-министрдің айтуынша, қытайлық әріптестермен кездесу барысында көрші елдің мұнайгаз саласында қолданылатын құрылғылар мен материалдардың бір бөлігін Қазақстанда шығару туралы сөз болған. «Соның ішінде біз Алматы қаласында мұнай саласы үшін қажетті үлкен диаметрлі құбырлар өндіретін зауыт ашу бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Бұдан бөлек, Ақтау қаласында мұнайгаз саласына қажетті құрылғылар шығару мәселесі де қарастырылуда. Айта кетерлігі, ондай құрылғылар қазіргі күні Қазақстанның мұнайгаз саласына да қолданылуда», - деді Ұзақбай Қарабалин.

Оның айтуынша, бұған дейін тараптар Қытайдағы өндірістермен де жіті танысқан. Сондағы жағдайлардың бәрін қарастыра келе аталмыш өндірісті Қазақстанда құру туралы мәселе қозғалып отыр.

Бұл ретте вице-министр Қазақстанда бүгінгі күні қытайлық мұнайгаз компанияларының тәжірибесі белсенді қолданылып жатқанын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық өндіріске жоғары технологиядан бөлек инженерлік және кадрлық даярлыққа айтарлықтай көңіл бөлу талап етіледі.

Соңғы жаңалықтар