Қытайдың өсімі қазір өзіне ғана емес, өзге сауда серіктестеріне де оң әсерін тигізуде - АҚШ Президентінің кеңесшісі
Бұл туралы АҚШ Президентінің экономикалық бейресми кеңесшісі, Нью-Йорк университетінің профессоры Нуриэль Рубини бүгін Алматыда өтіп жатқан 7-ші Тәуекел-менеджменті халықаралық конференцияда айтты.
«Ғаламдық экономикада біреу ұтып, біреу ұтылуы керек деуге болмайды. Қытай қазір 10 пайыздық өсіммен жылдам дамуда. Онымен бірге көршілес АҚШ, Қазақстан, Ресей экономиксы да өсуде. Оның өзара тиімді жақтары бар. Қазір озық экономика жақсы формада» - дейді Нуриэль Рубини. Оның айтуынша, Қытайдың қазіргі экономикалық моделінде индустрияландыру мен арзан валютаға айрықша мән берілген. Сондықтан өзге мүмкіндіктерді де пайдалану қажет. Өйткені Қытайдың экономиканы инвестициялауды шектен тыс ұлғайтуы біршама уақыттан соң кері әсерін тигізуі мүмкін. Экономиканы капиталдандыруы қазір жалпы ішкі өнімнің 50 пайызына жуықтап қалды. Ол бүгінгі таңда әлемдік экономикаға жағымды тәуекел болғанмен, біршама уақыттан банктік мәселе туындауда. Қайта қаржыландырудың төменгі мөлшерлемесімен инвестициялауда өткен ғасырдағы Кеңес Одағының қателігін қайталамау үшін Қытай 2014 жылға дейін қазіргі экономикалық моделін өзгертуі тиіс. Көп өндіріп, аз тұтыну геосаяси тұрақтылықты бұзуы мүмкін.