Қытайдың Шэньси провинциясының делегациясы Жамбыл облысына сапар жасады

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының бауырлас өлкесі болып табылатын Қытайдың Шэньси провинциясының халық үкіметі делегациясы Жамбыл облысына сапармен келді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қытайлық делегацияны Шэньси провинциясының губернаторы Юань Чуньцинь бастап келді, делегация құрамына Қытайдың Қазақстандағы бас консулы Сун Линдян де кірді. Ресми қабылдау барысында облыс әкімі Бөрібай Жексембин, осыдан бір жыл бұрын, жамбылдық делегацияның Шэньсиге жасаған сапары барысында бауырлас екі өлкенің арасында жаңа деңгейдегі қарым-қатынас басталғанын еске салды. Екі арадағы ынтымақтастыққа орай, «біздің облысымызда жылыжай шаруашылықтарының, тамшылап суарудың қытайлық ресурс үнемдеуші технологиялары енгізілуде, трансмагистральдік газ құбыры, «Батыс Еуропа ? Батыс Қытай» жолы салынуда. Ал Шэньсидің орталығы ? Сиан қаласында жамбылдық 200-дей студент білім алып жатыр», - деп атап көрсетті әкім өз сөзінде. Қытайлық делегацияның ресми сапары Жамбыл облысының әкімі мен Шэньси провинциясы губернаторының жер қойнауын пайдалану, өнеркәсіпті және аграрлық салаларды дамыту салаларындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюларымен қорытындыланды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум