08:44, 30 Шілде 2012 | GMT +5
Қытайлық Го Вэньцзюнь Олимпиада алтынын еншіледі
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының спортшысы Го Вэньцзюнь 10 метр қашықтыққа тапаншадан атудан 488,1 ұпай жинап Олимпиада чемпионы атанды.

Го Вэньцзюнь 1984 жылы 22 маусымда Сиань қаласында дүниеге келген. Бұл оның мансабындағы иеленіп отырған екінші «алтын» медалі, саңлақ спортшы 4 жыл бұрын Бейжіңде өткен Олимпиадада осы спорт түрінен жұлдызы жарқырай жанған еді.