Қытайлық мұнай және химия корпорациясының басшысы Азия елдеріне ортақ еуразиялық мұнай-газ нарығын құруды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «KAZENERGY-2015» оныншы Еуразиялық форумы аясындағы конференцияда Қытайдың «SINOPEC GROUP» мұнай және химия корпорацияның басшысы Ван Юй Пу Жібек жолы бойы және Азия мемлекеттеріне ортақ еуразиялық мұнай-газ нарығын құруды ұсынды.
None
None

Еске салайық, форум аясындағы мұнай-газ конференциясы «Еуразия өңіріндегі энергия қауіпсіздігі: жаңа ынтымақтастық механизмі» тақырыбында өткен болатын. «Жібек жолы» белдеуі аясында мұнай және газ саласындағы ынтымақтастықты ілгерілету үшін ортақ еуразиялық мұнай-газ нарығын құру талап етіледі. Бұл ашық типтегі өңірлік нарықты Солтүстік Шығыс, Оңтүстік Шығыс, Шығыс Азия субөңірлік нарықтар интеграциясын қалыптастыруға көмектесу арқылы және ақпараттық ашықтықты біртіндеп дамыту арқылы жүзеге асыруға болар еді», -дейді Қытай корпорациясының басшысы конференция барысындағы сөзінде. Оның пайымынша, ортақ еуразиялық нарықты құру оған қатысушы мемлекеттердің қорлар мен запастар бойынша ақпарат алмасып қана қоймай, оны тиімді сатуды да қамтамасыз етер еді. Сонымен қатар, Ван Юй Пу Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнайгаз саласындағы ынтымақтастық қарқынды дамып отырғанын жеткізді. «2014 жылдың соңына таман Қытайдың мұнай-газ кәсіпорындары Қазақстанда 25 бірлескен жобаға 30 млрд АҚШ долларын инвестициялады. Бізде мұнай және газ кендерін барлау, игеру, мұнай құбырларын салу, мұнай өнімдерін өңдеу мен өткізу, инженерлік-техникалық қызметтер секілді бағыттарды қоса алғанда тұтастай индустриялық тізбек қалыптасты. Ендігі кезекте мұнай мен газ өнімдерін тасымалдау үшін қуатты транспорттық дәлізді салу қажет», -деді Ван Юй Пу.

Соңғы жаңалықтар