Қытайлық NFC корпорациясы ҚР-ға құятын инвестицияларды арттырмақ (ФОТО)

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев China Nonferrus Metal Industry's Foreign Engineering and Construction Co.,Ltd. (NFC) компаниясының бас директоры Ван Хунцянь және Nuctech компаниясының вице-президенті Ван Вэйдунмен кездесті.
None
None

Ш.Нұрышев қытайлық бизнесмендерді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауымен, «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатты және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысымен таныстырды. Тараптар ҚР-да жүзеге асып жатқан жобалар мен түрлі салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

NFC бас директоры Ван Хунцянь бұл компанияның ҚР индустриализацияландыру бағдарламасына белсенді қатысып жатқаны жөнінде еске салды. Қазақстанда жүзеге асып жатқан жобалардың құны 4 млрд. доллардан асты, ауқымы бойынша олар мұнай-газ секторынан кейін екінші орынды алып отыр. Қытайлық бизнесмен Қазақстанға құятын инвестициялар көлемін ұлғайтып, бірлескен жобалар санын арттыруға ниет танытып отырғанын айтты.

Nuctech корпорациясының вице-президенті Ван Вэйдун Қазақстан мен компания арасындағы ынтымақтастыққа 10 жыл болғанын атап өтті. Nuctech ҚР кедендік және шекаралық ведомстволарына қондырғыларды тегін жеткізіп отыр. Сонымен қатар «Назарбаев Университеті» мен жетекші қытайлық «Цинхуа» университеті арасындағы ынтымақтастықты дамытуға септесіп жатыр. Ван Вэйдун «Назарбаев Университетінің» студенттеріне Nuctech зауыттарында тәжірибеден өтуге ұсыныс жасады.

Еске сала кетейік, NFC корпорациясы 1983 ж. құрылды, Қытайда және шетелде түсті кен өндіретін жетекші қытайлық компания.

Nuctech компаниясы Қытайдың кедендік және өзге ведомстволарына техника жеткізетін негізгі компания. 1997 жылы құрылған, қауіпсіздік техникасын өндіреді, өз өнімін әлемнің 122 еліне жеткізеді.

Соңғы жаңалықтар