Қытайлық спортшы Ли Сюеин ауыр атлетикадан 58 келіге дейінгі салмақта Олимпиада чемпионы атанды

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Қытайлық спортшы Ли Сюеин 58 келіге дейін салмақта ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы атанды.
None
None

Екі жаттығу ұпайында ол жұлқа көтеруде 108 келі және серпе көтеруде 138 келі көтеріп, 246 келіні бағындырды. Екінші орын Таиланд елінің ауыр атлетшісіПримсири Сирикаевке, үшінші орын украиндық спортшы Юлия Калининаға бұйырды.

Ли Сюеин 1990 жылы 15 мамырда Хэнань елді мекенінде дүниеге келді. Оның бойы 161 см, салмағы 58 келі. Оның әпкесі Ли Сюецзиу де ауыр атлетикамен айналысады.

Соңғы жаңалықтар