Қызметін атқару кезінде қаза тапқан полицейдің отбасына орден табыс етілді

АҚТӨБЕ.  Желтоқсанның  22-сі. ҚазАқпарат /Мирал  Жармұхамбетов/ -    Қаза болғаннан кейін  марапатталған  Ақтөбе облысы Хромтау аудандық ішкі істер   бөлімінің    учаскелік инспекторы,  полиция  капитаны   Қымбатқазы  Оразалиннің   ІІ   дәрежелі «Айбын»  ордені        марқұмның  отбасына табыс етілді.
None
None

Оқиға  ағымдағы жылдың шілде айында  болған  еді.  Қызмет   жағдайында  жүрген полиция   қызметкері қоғамдық  орында   сыра ішіп отырған  екі  жігітке ескерту  жасайды.   Есіріп алған  әлгілер   сөзден-сөз шығып,   ішкі істер органының  қызметкеріне  қол жұмсайды.   Біреуі   қалтасынан бәкі алып  шығып,    инспектордың кеудесіне сұғады.   Сөйтеді де қаша жөнеледі.     Қансырағанына қарамастан, полиция  қызметкері әлгілердің   соңына түседі.    Біреуіне  жетіп  қалған  кезде,    әлгі   жігіт    Оразалинге тағы  бір рет пышақ  салады.   Бұл жолы      пышақ      жүрекке тиеді. Қылмыскерлер   қазір       түрмеде.    Олардың біреуі - 19 жыл қатаң  режимге  жабылса, екіншісіне - үш жыл берілді.

Үздік оперативтік  қызметкерлердің бірі  болған Қымбатқазы    учаскелік  инспекторы  болғысы   келген екен.   Осы оқиғаның  алдында ғана    учаскелік  инспектор   қызметіне ауысу  туралы   бұйрықты қолына алған    инспектор,  тағдырдың тәлкегімен    жаңа қызмет  орнында алғашқы күні     қаза тауып отыр.

Хромтау  аудандық  ішкі істер  бөлімінде  өткен    салтанатты   рәсімде        Ақтөбе  облыстық   ішкі істер департаменті бастығының  орынбасары полиция  полковнигі Ғабдолла Сейтжапаров     орденді   марқұмның    жесірі  - Әмина  Оразалинаға  және    екі    ұлына  табыс етті.

Соңғы жаңалықтар