«Қызыл кітапқа» енгізілген қаяз балығын заңсыз аулағандар құрықталды

ҚЫЗЫЛОРДА.  Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылордалық полицейлер «Қызыл кітапқа» енгізілген қаяз балығын заңсыз аулаған екі азаматты құрықтады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кезекті рейд барысында тәртіп сақшылары балықшылар арасында «Телевизор» атанып кеткен құрылғымен балық аулап жатқан екі азаматты анықтап, Түркістан қаязының екі данасын тәркіледі. Табиғат қорғау полициясының инспекторы Ержан Зікіровтің айтуынша, браконьерлер табиғатқа 260 мың теңге көлемінде залал келтірген. Бұл - жыл басынан бері қаязды заңсыз аулаудың алтыншы дерегі.

Соңғы жаңалықтар