Қызыл Жарты ай қоғамының Ақтөбе филиалында іздестіру қызметі жұмыс жасауда

АҚТӨБЕ. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Қызыл Жарты ай қоғамының Ақтөбе филиалында іздестіру қызметі жұмыс жасауда.
None
None

Жобаның үйлестірушісі Лейла Қалиеваның айтуынша, іздестіру қызметінің басты міндеті - әскери іс-қимылдар мен табиғат апаттары кезінде туған-туысқандары арасындағы үзілген байланыстарды қалпына келтіру және оларға моралдық қолдау көрсету.

«Қазақстанның Қызыл Жарты ай қоғамының іздестіру қызметінің көмегімен қарапайым пошта қызметі жұмыс жасамайтын халықаралық шиеленістер, азаматтық соғыстар, ширыққан және дағдарысты жағдайлардағы, табиғат апаты орын алған жерлердегі туған-туысқандарына хабар жіберуге мүмкіндік бар», - дейді Л.Қалиева.

Соңғы жаңалықтар