Қызылағаш ауылы окургінің әкімі міндетін атқарушы қызметіне Сәуле Әмитова тағайындалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Қызылағаш ауылы округінің әкімі міндетін атқарушы қызметіне Сәуле Әмитова тағайындалды.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, С.Әмитова осы ауылдың тұрғыны, ол су тасқыны салдарын жою жөніндегі аудандық комиссияның жұмысына белсене атсалысуда.

Қызылағаш ауылына мемлекет резервінен гуманитарлық көмек одан әрі келіп түсуде.

Наурыздың 31-індегі жағдай бойынша, Үкімет резервінен 599 млн. 838 мың теңге түсті. Ұлттық компаниялар 566 млн. теңге, соның ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-дан 500 млн. теңге аударылды. Басқа облыстар мен қалалардан 870 млн. теңге аударылды. «Жансүгіров» қайырымдылық қорына 678,4 млн. теңге, соның ішінде «Қазақмыс» корпорациясы» АҚ-дан 110 млн. теңге бөлінді.

Сөйтіп, Ақсу ауданындағы су тасқыны салдарын жоюға және табиғат апатынан зардап шеккендердің отбасыларына қаржылай көмекке қазірдің өзінде 2 млрд. 714 млн. теңге жиналды.

Соңғы жаңалықтар