Қызылағаш ауылын қалпына келтіруге 8 миллиардтан астам теңге жұмсалды - Н.Назарбаев

«Дүниежүзі бойынша табиғат тосын мінез көрсетуде. Біздің басымызға іс түсті. Мыңдаған адам баспанасыз қалды. Шығыс Қазақстанда да осыдай жағдай қалыптасты. Адамдардың мемлекеттің қорғауында болғанына қарамастан, осынау қайғылы оқиғада 45 адам көз жұмды. Олардың топырақтары торқа болсын. Қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын», - деді Н.Назарбаев өз сөзінде.
«Орын алған қайғылы оқиғадан кейін мен Үкіметке комиссия құру туралы тапсырма бердім, комиссия дереу апаттың салдарын жою жұмыстарына кірісіп кетті. Небәрі үш айдың ішінде ауыл қалпына келтірілді. Оны өздеріңіз көріп отырсыздар. Осы жұмыстарға 8 миллиардтан астам теңге жұмсалды. Бүкіл халық болып көмектесті. «Нұр Отанның» бастамасының арқасында кқөптеген ұйымдар біркүндік жалақыларын аударды. Ірі ұлттық компаниялар да, қарапайым адамдар да бұл игі істен сырт қалған жоқ. Бұл мемлекетіміздің қуаттылығын және халқымыздың бірлігін паш етеді», деп атап көрсетті Елбасы.
ҚазАқпарат
Ж.С.