Қызылағаш ауылының тұрғындары көктемгі дала жұмыстарына кіріскелі отыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Егін егуге тілек білдірген барлық диханға Қызылағаш ауылының жанынан көктемгі егін егу жұмыстарын ұйымдастыру үшін 350 гектар жер беріледі.
None
None

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл учаскелерге қант қызылшасын, басқа да өнімдер себу жоспарлануда. Көктемгі егін егу жұмыстарына кірісу ниеттерін 45 шаруа қожалығы мәлім етті. Олардың барлығы тұқымдықпен және жанар-жағармаймен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі таңда екі мың гектарға жететін 327 тонна тұқым Қапал ауылындағы қоймада сақтаулы тұр.

Облыс әкімі Серік Үмбетов, сондай-ақ Қызылағаш ауылындағы су шайып кеткен бөгетті мамырдың 1-іне дейін қалпына келтіру қажет екенін мәлім етті. Бұл жұмыстың жобалық-сметалық құжаттары әзір, ақша да бөлінуде. Қызылағаш бөгеті екі мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етіп отырған болатын. Қазір дихандар тек үш жүз гектардай жерді суара алатын жақын маңда ағып жатқан өзеннің суына ғана үміт арта артуда. Сағабиен ауылында бөгеттің оң жақ бөлігін және лотокты арнаның 1300 метрін су шайып кетіп отыр, оларды да мамыр айына дейін қалпына келтіру қажет. Осы нысандар қалпына келтірілгеннен кейін дихандар, оның ішінде қызылағаштықтар да бар, екі мың гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіре алады.

Соңғы жаңалықтар