Қызылағаш оқиғасы ешкімді бей-жай қалдырған жоқ - ауыл тұрғыны Күмісхан Бетебаева

АЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Қызылағаш оқиғасы ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Еліміздің түкпір-түкпірінен, түрлі ұлт пен діннің өкілдері бізге көмек қолын созды, барымен бөлісті. Халқымыздың бірлігіне тағы да көзіміз жетіп отыр, - деді бүгін Қызылағаш ауылында өткен қорытынды жиыннан кейін ауыл тұрғыны Күмісхан Бетебаева.
None
None

«Су тасқынынан зардап шеккен ауылымыз небәрі 4 айдың ішінде қалпына келтірілді, барлық құрылыс жұмыстары аяқталды. Осының бәрін мерзімінде аяқтау үшін құрылыс компаниялары күн демей, түн демей жұмыс істеді. Көршілерім заманауи құрылыс материалдарынан тұрғызылған жаңа үш және төрт бөлмелі коттедждерге қоныс теуіп отыр. Менің үйіме жиһаз, күнделікті тұрмысқа қажет басқа да жабдықтар берілді. Әр үйге су тартылды, барлық жолдарға асфальт төселді, көшелерге жарық орнатылды, телефон желісі қосылды. Бау-бақшаға арналған жер телімі бар. Мал берілді. Халықтың қамқорлығы осы емес пе? Бақытты өмір сүру үшін басқа не керек? Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымыз шексіз, осы жұмыстардың барлығы сол кісінің бақылауымен жүзеге асырылды ғой. Халқыма рахмет, баршаңызға басымды иемін!»,- деді шын жүректен төрт баланың анасы және алты немеренің әжесі Күмісхан апай.

Соңғы жаңалықтар