Қызылағаш тұрғындарына ауыл ақсақалдары да көмек берді

ОРАЛ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылының ақсақалдары тасқын судан зардап шеккен Қызылағаш ауылы тұрғындарына материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауылдағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Балакер Байдосовтың қайырымдылық жасау жөніндегі ұсынысын қариялар бірден қолдады. Темірғали Жантасов, Тыным Бисембаев, Әділжан Ақдәулетов сынды ақсақалдардың алды бес мың, үш мың теңгеден жинап, белсенділік танытты. Зейентақылары есебінен 52,5 мың теңгені арнайы есепшотқа аударған ауыл қарияларына округ әкімі Қаршыға Нұрмашев ризашылығын білдірді.

Осындай қайырымдылық шаралары ауыл-аймақта одан әрі жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар