12:36, 31 Наурыз 2010 | GMT +5
Қызылғашта барлық үйге су құбыры тартылады
ТАЛДЫҚОРҒАН. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Қызылағашта ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан ұңғы қазу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталып, сусорғы қондырғысы орнатылды.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жоспарланып отырған су құбыры жүйесінің ұзындығы шамамен 13 шақырым. Су құбыры қондырғыларын орнату үшін 3800 метр траншея қазылды, 2550 метр полиэтилен құбыры тартылды.
Көлемі 25 текше метр болатын су қысымы мұнарасын тұрғызу және суды әрбір үйге жеткізу үшін сусорғы орнату көзделіп отыр. Осы мақсатта «Көлсайқұрылыс, «Жетісу Инжиниринг», «АрнайыТехМаш» серіктестері қосалқы мердігер ретінде жұмысқа тартылып отыр.