Қызылодада өңірлік дельфийлік ойындар болып өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Облыстық ішкі саясат, мәдениет басқармаларының және "Жастар бастамаларын дамыту орталығы" Қауымдастығының ұйымдастырумен дәстүрлі V Қызылорда өңірлік Дельфийлік ойындары өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен ашылу салтанатында облыстық Ішкі саясат басқармасының бастығы Марат Дәдікбай дәстүрлі өнер сайысының ашылуымен құттықтап, талапкерлерге сәттілік тіледі. Өңірлік ойынға 10-21 жас аралығындағы 80-ге жуық өнерпаз қатысып, олар өнердің 15 түрінен бақ сынасты. Өнер жарысы түрлі жанрды қамтығандықтан бірнеше жерде, атап айтқанда, А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде, оқушылар сарайында, Қазанғап атындағы музыка колледжінде және темір жол мәдениет үйінде бір мезгілде қатар өтті.Шара қорытындысында жеңімпаздар анықталып, олар марапатталды. Өңірлік ойын жеңімпаздарына Қарағанды қаласында өтетін республикалық V ұлттық жастар Дельфийлік ойындарына жолдама берілді.
Соңғы жаңалықтар