13:43, 06 Шілде 2013 | GMT +5
Қызылорда: Астана күні қарсаңында «Нұр Отан» қатары жаңа мүшелермен толықты
ҚЫЗЫЛОРДА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Қызылордада Астана күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының құрамына жаңа мүшелерді қабылдау салтанаты өтті.
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев партия қатарының толығуы Астана күнімен және елорданың 15 жылдығымен тұспа-тұс келуі үлкен мәнге ие екенін атап өтті. Осы орайда аймақ басшысы елорданы Астанаға көшірген Елбасының сарабдал саясаты мен жас елорданың тәуелсіз мемлекеттің имиджін қалыптастырудағы рөліне тоқталды.
Шара барысында партия қатарына ЖШС басшылары, жұмысшылар, оқытушылар, жас мамандар, республикалық сұлулық байқауының жеңімпазы мен республикалық айтыскер ақындар конкурсының гран-при жүлдегері бар, жалпы саны 20 адам қабылданды.