Қызылорда: Азық-түліктер тұрақтандыру қорынан халыққа жеткенше бірнеше есеге қымбаттайды

ҚЫЗЫЛОРДА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімдігінде азық-түлік бағасын тұрақтандыруға байланысты Тұрақты кеңестің отырысы өтті.
None
None

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевтың айтуынша, сәуірде оның алдыңғы аймен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар 18 азық-түлік өнімнің тоғыз түрі бойынша баға тұрақты болып қалды. 7 тауар бойынша баға 2-6 теңгеге дейін түссе, жұмыртқа керсінше 4,1 пайызға, қырыққабат 3,9 пайызға қымбаттады. Баяндамашының мәлімдеуінше, бағаны өсірмеу мақсатында тұрақтандыру қорына азық-түлік үнемі сатып алынады. «Алтын бақ» әлеуметтік дүкендер желісі осы мақсатта жұмыс істеп, өңірде жәрмеңке өткізіліп тұрады.

Алайда, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев азық-түлік бағасына қатысты тұрғындар ренішін жиі еститін жеткізді. Өңір тұрғындары әлеуметтік дүкендер туралы толық құлақтанбаған. Әкім өнім қоймадан, сауда сөресіне түскенге дейін екі ортада делдалдардың бағаны бірнеше есе өсіретінін алға тартты. Өңір басшысы осы орайда, жауапты сала басшыларынан бағаны тұрақтандыруға қатысты нақты жұмыс атқарылуын талап етті.

Сонымен қатар «Нұр Отан» ХДП облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбековке партия тарапынан қоғамдық бақылау жасауды тапсырды. Бұл іске аудандық, облыстық маслихат депутаттары да белсене атсалысуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар